Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған сайлауда Мурат Жолкелдиевич Тлеумбетовті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 5 тармағына, 73-бабы 2, 5, 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 19/21 қаулысымен бекітілген Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кандидаттарды тіркеу мерзімінде сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжатты табыс етпеуіне байланысты Мурат Жолкелдиевич Тлеумбетовті Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын.
2. Осы қаулы Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                                   А.Ерсултанов


Хатшы                                                                                  А.Сырлыбаева

 

Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 4 сәуір
№51/52

Дата публикации
04 апреля 2024