Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
14, 45, 46, 112-баптарына сәйкес және 2024 жылғы 31 наурызда өткізілген Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың қорытындылары негізінде Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымы депутаты ретінде №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Гүлшат Исақызы Мұсаева тіркелсін.
2. Тіркелген депутатқа депутат куәлігі және төсбелгі табыс етілсін.
3. Депутатты тіркеу туралы хабар Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                          А.Ерсултанов

 

Хатшы                                                                          А.Сырлыбаева

 

Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 2 сәуір,
№46/48

Дата публикации
02 апреля 2024