2024 жылғы 31 наурызда өткізілген Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың енгізген сайлау жарналары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабына, 104-бабының 1-тармағына сәйкес Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау қорытындылары туралы 2024 жылғы 31 наурыздағы №44 хаттамасы және Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының София Ринатовна Абдуразакованы Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы 2024 жылғы 7 наурыздағы №3 хаттамасының негізінде Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған Гүлшат Исақызы Мусаеваға және дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Батыржан Көмекбайұлы Қаракөзовке, Асхат Қасымұлы Шәукенбаевке Қызылорда облысы әкімі аппарының шотына енгізген сайлау жарналарын қайтару жүргізілсін.
2. Кандидатурасын өзінің өтініші негізінде қайтарып алған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат София Ринатовна Абдуразакованың енгізген сайлау жарнасы республикалық бюджеттің кірісіне айналдырылсын.
3. Осы қаулы Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын және сайлау жарнасын енгізген Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізілсін.

 

Төраға                                                       А.Ерсултанов

 

Хатшы                                                      А.Сырлыбаева

 

Қызылорда қаласы
2024 жылғы 1 сәуір
№45/47 қаулы

Дата публикации
01 апреля 2024