«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 14, 44 және 111-баптарына сәйкес № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау нәтижелері туралы округтік сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті деп танылсын.
2. Гүлшат Исақызы Мұсаева Қызылорда облыстық мәслихатының сайланған депутаты болып есептелсін.
3. Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 31 наурызда өткен сайлаудың қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабарды жариялау үшін облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттері айқындалсын.
4. Осы қаулы «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жіберілсін және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында «Сайлау» тарауында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 31 наурыз
№44/46 қаулы