2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауда Наурызбай Сейткалиевич Байкадамовты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-, 33-, 34-, 73-, 75-баптарына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222, 2023 жылғы 9 қаңтардағы №8/659 қаулыларына сәйкес Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Наурызбай Сейткалиевич Байкадамов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелсін.
2. Наурызбай Сейткалиевич Байкадамовқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың куәлігі берілсін.
3. Наурызбай Сейткалиевич Байкадамовтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелгені туралы осы қаулыға қоса беріліп отырған хабарды жариялау үшін облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттері айқындалсын.
4. Осы қаулы:
1) «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалына кандидаттың өтініші негізінде арнаулы уақытша шот ашу, сондай-ақ арнаулы уақытша шотқа келiп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы облыстың аумақтық сайлау комиссиясына апта сайын есеп беру үшін;
2) Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне кандидат пен оның зайыбының декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң анықтығын тексеру үшін;
3) «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне ақпараттық материалды орналастыру қызметі бойынша өзара есеп айырысу жүргізу үшін жіберілсін және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                А.Ерсултанов

 

Хатшы                                                                А.Сырлыбаева

 

Қызылорда қаласы
2024 жылғы 29 наурыз
№ 43/45 қаулы

Дата публикации
29 марта 2024