2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шыгып қалған депутаттарының
орнына сайлауда дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін
сайлау учаскесі туралы Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының №210 учаскелік сайлау комиссиясының 2024 жылғы 22 наурыздағы №1 ұсынымның негізінде Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаске ретінде Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, №51 мекенжайы бойынша Облыстық медициналық орталығында орналасқан №210 сайлау учаскесі белгіленсін.
Бұл учаскеде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
Осы шешім Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №15 округтік сайлау комиссиясына, Қызылорда қаласының №210 учаскелік сайлау комиссиясына жіберілсін және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 22 наурыз
№41 шешім