Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат
Наурызбай Сейткалиевич Байкадамовты қолдап таңдаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 72-бабына, 73-бабының 4 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының 2024 жылғы 19 наурыздағы №1 бірлескен актісін негізге алып, Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауда Сенат депутаттығына кандидат Наурызбай Сейткалиевич Байкадамов Қызылорда облысы мәслихаттарының өкiлдерi болып табылатын таңдаушылардың жалпы санының 22 (Жиырма екі) процентiнiң қолдауына, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентiнен аспайтын даусына ие болды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Наурызбай Сейткалиевич Байкадамовты қолдап таңдаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы облыстың аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 20 наурыздағы хаттамасы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
3. Осы қаулы облыстың аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 20 наурыз
№40/40 қаулы