Тіршілікті қамтамасыз ету және ТКШ объектілеріндегі штаттан тыс жағдайлар кезінде, сондай-ақ қолайсыз ауарайы-климаттық жағдайлар және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жүргізілген жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың халықты құлақтандыру алгоритмі

Тіршілікті қамтамасыз ету және ТКШ объектілеріндегі штаттан тыс жағдайлар кезінде, сондай-ақ қолайсыз ауарайы-климаттық жағдайлар және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жүргізілген жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың
халықты құлақтандыру алгоритмі
 
Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері (авариялар, ТЖ және т.б.) ажыратылған жағдайда өңір халқының тұрақты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай іс-қимыл тәртібі айқындалды: 
1. Жергілікті атқарушы орган және тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен кәсіпорындарының және ТКШ басшылары:
- көрсетілетін қызметті ұсынушы кәсіпорынның кезекші диспетчері тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі және ТКШ-дағы штаттан тыс ахуал туралы, сондай-ақ қолайсыз ауарайы-климаттық жағдайлар болған жағдайларда кәсіпорын басшылығына, жергілікті атқарушы органға, төтенше жағдайлар департаментіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жеткізеді (15 мин. ішінде).
- авариялық-қалпына келтіру бригадаларын дереу дайындыққа келтіреді (шұғыл);
- технологиялық бұзылушылықтың сипаты мен көлемін анықтайды (15 - 30 мин. ішінде). 
- тіршілікті қамтамасыз етудің резервтік көздерін дайындыққа келтіреді (шұғыл).
1.2. Төтенше жағдайлар департаменті:
- технологиялық бұзылушылықтың сипаты мен көлемін анықтайды (5-10 мин. ішінде)
2. Облыс әкімнің аппараты, қала және аудан әкімдіктері, облыстық қоғамдық даму басқармасы:
- әкімдіктердің ресми сайттары, әлеуметтік желілер (Instagram, telegram-арналар және т.б.) арқылы штаттан тыс жағдайлар, апаттардың ауқымы және оларды жоюдың шамамен уақыты туралы дереу хабарлауды ұйымдастырады (30 минутқа дейін).
Мысалы: Абай көшесіндегі сумен жабдықтау жүйесінің бұзылуынан 5 үйде 200 абонент сумен жабдықтаудан ажыратылды, аварияларды жоюдың шамамен уақыты сағат 17.00-ге дейін);
Ескертпе: әкімдіктердің сайттарында халықтың ақпарат іздеуін жеңілдету үшін «ҚҰЛАҚТАНДЫРУ» бөлімдері ашылуы тиіс.
- үйішілік чаттар арқылы (жергілікті атқарушы органдардың сайты арқылы хабарлаумен бір мезгілде) жағдай туралы ақпаратты одан әрі беру үшін көп қабатты үйлер бойынша МҮБ төрағаларын (ПИК) хабардар етуді ұйымдастырады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда барлығы алгоритмге сәйкес дереу әрекет ету керек.
Алгоритм бойынша әрекеттерді уақтылы орындамау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тәртіптік жазаға әкеп соғады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дата публикации
15 марта 2024