Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 5 наурыздағы №26/24 «2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 22 - баптарына сәйкес және «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қызылорда қаласы әкімінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімінің 2023 жылғы 21 шілдедегі №9 және 2024 жылғы 9 ақпандағы №4 шешімдерін және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 9 ақпандағы №15 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №ОСК-193/444 «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысының қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) №12 сайлау округінің шекараларынан №187 сайлау учаскесі және №15 сайлау округінің шекараларынан №214, №241 сайлау учаскелері алынып тасталсын.
2) №11 сайлау округінің шекаралары №384 сайлау учаскесімен, №12 сайлау округінің шекаралары №387 сайлау учаскесімен, №14 сайлау округінің шекаралары №380 сайлау учаскесімен, №15 сайлау округінің шекаралары №383 сайлау учаскесімен, №16 сайлау округінің шекаралары №187, №379, №381, №385, №386 сайлау учаскелерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихатына, тиісті округтік сайлау комиссияларына жіберілсін және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

Төрағаның міндетін атқарушы                                Б.Накипов

Хатшы                                                                          А.Сырлыбаева

Қызылорда қаласы,

2024 жылғы 9 ақпан

№15/19 қаулы

Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 5 наурыздағы №26/24 «2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
14 марта 2024