«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 489 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы №489 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5557 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын және филиал басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші – шаруашылық жөніндегі басшысының орынбасарларынан басқа).»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш.А. Баймановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.