Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2024 жылғы 31 наурызда Қызылорда облысының №15, №14, №1 сайлау округтерінде болатын шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына өтетін сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 12 кандидаттан барлығы 1 кандидатты жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 11 кандидатты тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3-4 кандидатты құрайды.
Тіркелген 11 кандидаттың 2-і саяси партиялар, 9-ы өзін-өзі ұсынған. Оның 8-і ер адам, 3-і әйел адам. Кандидаттар арасында 1 этнос өкілі бар.
6 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партия мүшелері болып табылады, 5-і – партия қатарында жоқ.
Орташа жас - 43.
8 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.
Кандидаттардың 1-і - мемлекеттік мекемеде, ұйымда; 8-і - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1-і - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 1-і - уақытша жұмыс істемейді.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 30 наурызда 00.00 сағатқа дейін созылады.
Сілтемелер:
1. Арал ауданы
https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/activities/40753?lang=kk&parentId=40679
2. Жаңақорған ауданы
https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/activities/40153?lang=kk&parentId=40136