2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы

 

2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған

Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-, 16-1-, 33- және 37- баптарына, «2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 1 наурыздағы №16/18 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №15 бірмандаттық сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 процентi резервiн қоса дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс, Қызылорда облыстық мәслихатының №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің саны осы қаулының қосымшасына сәйкес 32295 (отыз екі мың екі жүз тоқсан бес) дана болып белгіленсін.
2. Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы сайлау бюллетенінің мәтінін бекітсін және 2024 жылғы 15 наурызға дейін Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясына ұсынсын.
3. Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеннің мәтініне, олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға және қорғалу дәрежесіне сәйкес сайлау бюллетеньдерін дайындау үшін Қызылорда қаласы, Шымкент көшесі, 14 мекен-жайында орналасқан «Қызылорда қанағаты» жеке кәсіпкерінің баспаханасы айқындалсын.
4. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 15 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясына, «Қызылорда қанағаты» жеке кәсіпкеріне жолдансын және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                            А.Ерсултанов

 

Хатшы                                                                            А.Сырлыбаева

                                                                       

Қызылорда қаласы,

2024 жылғы 5 наурыз,

№26/24 қаулы

2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы
Дата публикации
05 марта 2024