Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі
№15 бірмандаттық сайлау округі учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-, 20-, 24- баптарына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Қызылорда облыстық мәлихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу кезіндегі Қызылорда облыстық мәлихатының депутатын сайлау жөніндегі №15 бірмандаттық сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмыс кестесі 2024 жылғы 10 наурыздан бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімге демалыссыз жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00 ден 18:30 дейін, сағат 13:00 мен 14:30 аралығындағы үзіліспен белгіленсін.
2. Қызылорда облыстық мәлихатының депутатын сайлау жөніндегі №15 бірмандаттық сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиялары:
1) сайлаушыларды учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс уақыты туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етсін;
2) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс уақытын есепке алуды жүргізсін;
3) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің демалыс, мереке күндеріне ауысымдық жұмыс кестесін бекітсін.
3. Қызылорда облыстық мәлихатының депутатын сайлау жөніндегі №15 бірмандаттық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы осы қаулының орындалуына бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 1 наурыз
№ 24/23 қаулы