Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №ОСК-193/444 «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 22 - баптарына сәйкес және «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қызылорда қаласы әкімінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімінің 2023 жылғы 21 шілдедегі №9 және 2024 жылғы 9 ақпандағы №4 шешімдерін және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 9 ақпандағы №15 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №ОСК-193/444 «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысының қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) №12 сайлау округінің шекараларынан №187 сайлау учаскесі және №15 сайлау округінің шекараларынан №214, №241 сайлау учаскелері алынып тасталсын.
2) №11 сайлау округінің шекаралары №384 сайлау учаскесімен, №12 сайлау округінің шекаралары №387 сайлау учаскесімен, №14 сайлау округінің шекаралары №380 сайлау учаскесімен, №15 сайлау округінің шекаралары №383 сайлау учаскесімен, №16 сайлау округінің шекаралары №187, №379, №381, №385, №386 сайлау учаскелерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихатына, тиісті округтік сайлау комиссияларына жіберілсін және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төрағаның міндетін атқарушы Б.Накипов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 9 ақпан
№15/19 қаулы