Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, №60, «Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда каласы бойынша білім бөлімінің Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей» КММ ғимараты.
Кіретін сайлау учаскелері: Қызылорда қаласының №210, №211, №212, №213, №222, №243, №253, №263, №348, №349, №353, №354, №355, №375, №383.
Шекаралары: Қызылорда қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №16, №17, №18, №19 аумақтық сайлау округтерінің шекараларындағы «Сәулет», «Арай», «Арай-2», «Арай-3», «Саяхат» мөлтек аудандарының аумағы.
Қызылорда қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №16 сайлау округінің шекаралары: Тәуелсіздік даңғылынан бастап Баянауыл көшесінің жалғасы И.Панфиловтың бойымен шығысқа қарай Абай даңғылына дейін. Абай даңғылының бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ә.Бөкейхан көшесіне дейін. Ә.Бөкейхан көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Е.Көшербаев көшесіне дейін. Е.Көшербаев көшесінің бойымен Оңтүстік шығысқа қарай Астана даңғылына дейін. Астана даңғылының бойымен оңтүстік батысқа қарай Н.Назарбаев даңғылына дейін. Н.Назарбаев даңғылының бойымен солтүстікке қарай Н.Ергешбаев көшесіне дейін. Н.Ергешбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Сырдария өзенiнiң қорғаныс бөгетiне дейiн. Сырдария өзенiнiң қорғаныс бөгетiнің бойымен батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін. Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстікке қарай Баянауыл көшесіне дейін.
Қызылорда қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №17 сайлау округінің шекаралары: Сұлтан Бейбарыс көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылы бойымен солтүстікке қарай Текей батыр көшесіне дейін. Текей батыр көшесінің бойымен шығысқа қарай Ж.Әбдіреев көшесіне дейін. Ж.Әбдіреев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай М.Әбдіразақов көшесіне дейін. М.Әбдіразақов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Ә.Мүсілімұлы көшесіне дейін. Ә.Мүсілімұлы көшесінің бойымен шығысқа қарай Ә.Марғұлан көшесіне дейін. Ә.Марғұлан көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Сырдария мөлтек ауданы №3 көпқабатты тұрғын үйге (қоспай) дейін. Сырдария мөлтек ауданы №3 көпқабатты тұрғын үйдің (қоспай) бойымен батысқа қарай Қасымхан көшесіне дейін. Қасымхан көшесінің бойымен (Сырдария мөлтек ауданын қоспай) оңтүстікке қарай С.Бейбарыс көшесіне дейін. С.Бейбарыс көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін. Арай мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерімен қоса.
Қызылорда қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №18 сайлау округінің шекаралары: Н.Назарбаев даңғылынан бастап Астана даңғылының бойымен солтүстік шығысқа қарай Қ.Ажаров көшесіне дейін. Қ.Ажаров көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ж.Бекқожаев көшесіне дейін. Ж.Бекқожаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Б.Нұрпейісов көшесіне дейін. Б.Нұрпейісов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Түркістан көшесіне дейін. Түркістан көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Ш.Абдуллаев көшесіне дейін. Ш.Абдуллаев көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай С.Бейбарыс көшесіне дейін. С.Бейбарыс көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Саяхат-25 көшесіне дейін. Саяхат-25 көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Саяхат-35 көшесіне дейін. Саяхат-35 көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Қызылжарма каналына дейін. Қызылжарма каналының бойымен оңтүстік батысқа қарай Қараша көшесіне дейін. Қараша көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Сыр ана көшесіне дейін. Сыр ана көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Н.Назарбаев даңғылына дейін. Н.Назарбаев даңғылының бойымен солтүстік батысқа қарай Сырдария мөлтек ауданы 1 көпқабатты тұрғын үйге (қоспай) дейін. Сырдария мөлтек ауданы 1 көпқабатты тұрғын үйдің (қоспай) бойымен батысқа қарай Ә.Марғұлан көшесіне (көпқабатты тұрғын үйлерді қоспай) дейін. Ә.Марғұлан көшесінің (көпқабатты тұрғын үйлерді қоспай) бойымен солтүстікке қарай Ә.Мүсілімұлы көшесіне дейін. Ә.Мүсілімұлы көшесінің бойымен батысқа қарай М.Әбдіразақов көшесіне дейін. М.Әбдіразақов көшесінің бойымен солтүстікке қарай Әбдіреев көшесіне дейін. Әбдіреев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Текей батыр көшесіне дейін. Текей батыр көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін (Арай мөлтек ауданыңдағы көпқабатты тұрғын үйлерді қоспай). Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстікке қарай Арай-Шұғыла саяжайына баратын бөгет жолына дейін. Арай-Шұғыла саяжайына баратын бөгет жолының бойымен солтүстік шығысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесінің бойымен шығысқа қарай Ергешбаев көшесіне дейін. Ергешбаев көшесінің бойымен шығысқа қарай Абай даңығылына дейін. Абай даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Н.Назарбаев даңғылына дейін. Н.Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Астана даңғылына дейін.
Қызылорда қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №19 сайлау округінің шекаралары: Теміржол желісінен Астана даңғылының бойымен оңтүстік батысқа қарай Қ.Ажар көшесіне дейін. Қ.Ажар көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ж.Бекқожаев көшесіне дейін. Ж.Бекқожаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Б.Нұрпейісов көшесіне дейін. Б.Нұрпейісов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Түркістан көшесіне дейін. Түркістан көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Ш.Абдуалиев көшесіне дейін. Ш.Абдуалиев көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай С.Бейбарыс көшесіне дейін. С.Бейбарыс көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай С.Бейбарыс көшесі №42 үйге дейін. С.Бейбарыс көшесі №42 үйдің бойымен оңтүстік шығысқа Саяхат-25 көшесіне дейін. Саяхат-25 көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Саяхат-35 көшесіне дейін. Саяхат-35 көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Теміржол өткеліне дейін. Теміржол өткелінің бойымен солтүстік батысқа қарай Астана даңғылына дейін.