Шығып қалған депутаттың орнына №15 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығып қалған депутаттың орнына №15 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
2. Қаулыға қоса беріліп отырған шығып қалған депутаттың орнына №15 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және облыстық «Сыр бойы» газетінде орналастырылсын.

Төраға                                                                Ә. Ерсұлтанов

Хатшы                                                                А. Сырлыбаева

Шығып қалған депутаттың орнына №15 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
31 января 2024