2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының
5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы
24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша
Дата публикации
24 января 2024