«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес Қызылорда облысы әкімінің «А.С.Оңғарбаев туралы» 2024 жылғы 22 қаңтардағы №24-ө өкімінің негізінде Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аманжол Сақыпұлы Оңғарбаевтың мәслихат депутатының міндеттерін орындаумен сыйымсыз лауазымға тағайындалуына байланысты оның Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №15 сайлау округі бойынша сегізінші шақырылған Қызылорда облысы мәслихаты депутатының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қызылорда облысы мәслихатының депутаты Аманжол Сақыпұлы Оңғарбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қызылорда облысының мәслихатына жолдансын.
3. Осы қаулы Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 22 қаңтар
№ 5/10