Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына,
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша
Дата публикации
18 января 2024