Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының 2024 жылға
жұмыс жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-, 19-, 20-, 33- баптарына, Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорымен бекітілген регламентіне сәйкес және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 9 қаңтардағы №2 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2024 жылға жұмыс жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А. Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 9 қаңтар,
№2/1