Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің арасындағы міндеттер бөлінісі туралы

Қызылорда облыстық сайлау

комиссиясы мүшелерінің 

арасындағы міндеттер бөлінісі

туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-, 19-, 20-, 33- баптарына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 желтоқсандағы №129/624 қаулысымен бекітілген Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорымен бекітілген регламентіне сәйкес және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 9 қаңтардағы №2 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің арасындағы міндеттер бөлінісі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                                                      А.Ерсултанов

Хатшы                                                                                                      А. Сырлыбаева

 

Қызылорда қаласы,

2024 жылғы 9 қаңтар,

№2/2

Дата публикации
17 января 2024