Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2023 жылдың 1 қарашасына халық саны – 840,7 мың адам, оның ішінде қалалық-394,5 мың адам (46,9%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,1%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,4%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 933,9 млрд.теңгені құрады, НКИ 102,1%
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 278,9 млрд.теңгені құрады, НКИ 128,9%.
2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын, 175 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 211,7 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 102,5%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 18,4%-ға ұлғайып, 431,6 млрд.теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 134,1 млрд. теңгені құрады, немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 120,4%. 702,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 16,3%).
Сауда көлемі 4,7% -ға артып, 656,6 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 69,6 мың бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 5,4%-ға жоғары.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 2023 жылға – 8,4 млрд.теңге бөлінді.
Жергілікті бюджетке 94 806,7 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 37,5%-ға ұлғайып немесе 25 866,3 млн.теңгеге артқан.