Қызылорда облысының 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2023 жылдың 1 тамызына халық саны – 839,3 мың адам, оның ішінде қалалық-393,8 мың адам (46,9%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,1%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,4%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 192,5 млрд.теңгені құрады, НКИ 103,6%.
2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын, 199 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 67,1 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 101,3%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 27,0%-ға ұлғайып, 258,8 млрд.теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 74,9 млрд. теңгені құрады, немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 145,4%. 546,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 19,8%).
Сауда көлемі 4,0% -ға артып, 461,6 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 71,2 мың бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 22,4%-ға жоғары.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 2023 жылға – 7,9 млрд.теңге бөлінді.
Жергілікті бюджетке 70 779,7 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44,9%-ға ұлғайып немесе 21918,9 млн.теңгеге артқан.

Дата публикации
05 декабря 2023