Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2023 жылдың 1 қазанына халық саны – 840,1 мың адам, оның ішінде қалалық-394,3 мың адам (46,9%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,1%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,4%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 847,9 млрд.теңгені құрады, НКИ 101,3%
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 251,8 млрд.теңгені құрады, НКИ 124,2%.
2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын, 175 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 202,9 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 102,6%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 27,7%-ға ұлғайып, 386,5 млрд.теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 124,9 млрд. теңгені құрады, немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 121,2%. 649,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 16,7%).
Сауда көлемі 4,3% -ға артып, 585,7 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 71,0 мың бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 10,3%-ға жоғары.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 2023 жылға – 7,9 млрд.теңге бөлінді.
Жергілікті бюджетке 83 939,2 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,2%-ға ұлғайып немесе 23 199,7 млн.теңгеге артқан.