Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қазандағы № ОСК-254/532 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-, 33-баптарына сәйкес және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қарашадағы №258 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған аудандар әкімдерін пилоттық режимде сайлауды дайындау мен өткізуге бөлінген жергілікті бюджеттің қаражаты шығыстарының сметаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қазандағы № ОСК-254/532 қаулысының 1-, 2-, 3-қосымшалары осы қаулының 1-, 2-, 3- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
  2. Осы қаулы Сырдария, Шиелі аудандық сайлау комиссияларына, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және есептілік бөліміне жіберілсін және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қазандағы № ОСК-254/532 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
08 ноября 2023