2024-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

2024-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына және Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау бойынша республикалық комиссиясының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 1 хаттамасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш.А. Баймановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2024-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
06 ноября 2023