Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2023 жылдың 1 қыркүйегіне халық саны – 839,3 мың адам, оның ішінде қалалық-393,9 мың адам (46,9%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,1%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,4%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 763,6 млрд.теңгені құрады, НКИ 100,7%
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 227,3 млрд.теңгені құрады, НКИ 115,8%.
2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын, 199 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 157,0 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 101,6%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 25,6%-ға ұлғайып, 318,9 млрд.теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 117,0 млрд. теңгені құрады, немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 126,4%. 618 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 18,9%).
Сауда көлемі 4,1% -ға артып, 530,8 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 71,6 мың бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 14,3%-ға жоғары.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 2023 жылға – 7,9 млрд.теңге бөлінді.
Жергілікті бюджетке 77 814,4 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 41,8%-ға ұлғайып немесе 22 957,6 млн.теңгеге артқан.