Аналитикалық мәлімет 2023 жылдың 1 қазанына облыс бюджетінің атқарылуы туралы

 Аналитикалық мәлімет

2023 жылдың 1 қазанына облыс бюджетінің атқарылуы туралы

Кірістер

Қызылорда облысы бойынша 2023 жылдың 1 қазанына бюджет түсімдері  102,4 пайызға орындалды (болжам 450310,7 млн.теңге, нақты түскені 461271,3 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 115,5 пайызға орындалды (болжам 67379,8 млн.теңге, түскені 77814,4 млн.теңге), артық түскені  10960,6 млн.теңге.

Республикалық бюджеттен 367895,9 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (100 пайыз), оның ішінде субвенция – 325539,6 млн.теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер – 1139,5 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері – 41216,8 млн.теңге (100 пайыз).

Шығындар

 2023 жылдың 1 қазанына Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 100 пайызға орындалды (жоспар 401463,0 млн.теңге, орындалғаны 401347,0 млн.теңге). Игерілмегені 116,0 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:

Арал ауданында – 100 % орындалып, 1,7 млн.теңге;

Қазалыда – 100 % орындалып, 2,3 млн.теңге;

Қармақшыда – 100 % орындалып, 0,5 млн.теңге;

Жалағашта – 100 % орындалып, 1,4 млн.теңге;

Сырдарияда – 100 % орындалып, 0,9 млн.теңге;

Шиеліде – 100 % орындалып, 1,3 млн.теңге;

Жаңақорғанда – 100 % орындалып, 5,6 млн.теңге;

Қызылорда қаласында – 100 пайызға орындалып, 14,5 млн.теңге игерілмеді.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 99,8 пайызды құрады, игерілмегені 87,8 млн.теңге.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері шығындар жоспарын, аудандар мен Қызылорда қаласына берілетін трансферттерді қоспағанда:

млн.теңге

КБК

Атауы

есепті

мерзімге жоспар

 

кассалық атқарылуы

 

орындалу пайызы

 

игерілмегені

 

1

2

3

4

5

6

 

Барлығы

291 171,7

291 083,9

100,0

87,8

110

Облыс мәслихатының аппараты

111,7

111,6

99,9

0,1

120

Облыс әкімінің аппараты

3 449,9

3 449,2

100,0

0,7

252

Полиция департаменті

8 442,8

8 437,8

99,9

5,0

253

Денсаулық сақтау басқармасы

5 683,6

5 683,3

100,0

0,3

254

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

4 202,6

4 202,5

100,0

0,1

256

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

9 153,0

9 152,3

100,0

0,7

261

Білім басқармасы

175 257,5

175 192,5

100,0

65,0

265

Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

3 531,2

3 531,1

100,0

0,1

268

Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы

5 982,2

5 982,2

100,0

0,0

269

Облыстың дін істері басқармасы

114,2

114,2

100,0

0,0

279

Энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы

14 295,4

14 286,6

99,9

8,8

282

Облыстың тексеру комиссиясы

271,5

271,4

100,0

0,1

287

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ТСТЖ, АҚ саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы

190,9

190,9

100,0

0,0

288

Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

20 321,8

20 321,7

100,0

0,1

299

Экономика және қаржы басқармасы

5 910,6

5 909,9

100,0

0,7

718

Облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасы

187,5

187,5

100,0

0,0

719

Облыстың ветеринария басқармасы

2 447,1

2 447,0

100,0

0,1

741

Облыстың ауыл шарауашылығы және жер қатынастары басқармасы

13 745,8

13 744,7

100,0

1,1

752

Облыстың қоғамдық даму басқармасы

2 864,4

2 863,2

100,0

1,2

760

Облыстың мәдениет және спорт басқармасы

14 816,3

14 812,6

100,0

3,7

761

Облыстың бақылау жөніндегі басқармасы

191,7

191,7

100,0

0,0

 

Республикалық бюджеттен бөлінген

трансферттер мен кредиттер

Республикалық бюджет қаржысы жоспары 50701,2 млн.теңгенің  50696,8 млн.теңгесі немесе 100 пайызға игерілді, игерілмегені 4,4 млн.теңге, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша – 0,2 млн.теңге, нысаналы даму трансферттер бойынша – 1,5 млн.теңге, алынған кредиттер бойынша – 2,7 млн.теңге.

ҚР Үкіметінің резерві игерілгені 0,6 мың.теңге (100 пайыз).

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер

Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 100 пайызға игерілді (жоспар 32289,4 млн.теңге, игерілгені 32281,2 млн.теңге), игерілмегені  8,2 млн.теңге. Аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша игерілгені:

Арал ауданы бойынша – 100 пайызға,

Қазалы ауданы бойынша – 100 пайызға,

Қармақшы  ауданы бойынша – 100 пайызға,

Жалағаш  ауданы бойынша – 100 пайызға,

Сырдария  ауданы бойынша – 100 пайызға,

Шиелі  ауданы бойынша – 100,0 пайызға (игерілмеген 0,5 млн.теңге),

Жаңақорған  ауданы бойынша – 100 пайызға (игерілмеген 0,5 млн.теңге),

Қызылорда қаласы  бойынша – 100 пайызға ( игерілмеген 7,2 млн.теңге).

Облыстық бюджеттің игерілмеген қаражаттары:

- Қызылорда қаласы бойынша көлік саласына бөлінген трансферттерден –  7,0 млн.теңге;

- Жаңақорған ауданы бойынша энергетика нысандары дамытудан –0,5 млн.теңге;

- Шиелі ауданы бойынша құрылыс нысандары дамытудан – 0,5 млн.теңге;

- Қызылорда қаласы бойынша энергетика саласына бөлінген трансферттерден –  0,2 млн.теңге.

 Аналитикалық мәлімет 2023 жылдың 1 қазанына облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Дата публикации
10 октября 2023