Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2023 жылдың 1 шілдесіне халық саны – 838,9 мың адам, оның ішінде қалалық-393,7 мың адам (46,9%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,1%, орыстар – 1,5% және басқалары – 1,4%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 159,4 млрд.теңгені құрады, НКИ 95,1%.
2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын, 199 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 49,9 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 101,5%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 24,2%-ға ұлғайып, 201,9 млрд.теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 64,2 млрд. теңгені құрады, немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 148,0%. 383,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 2,0%).
Сауда көлемі 3,9% -ға артып, 383,8 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 72,9 мың бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 31,4%-ға жоғары.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 2023 жылға – 7,7 млрд.теңге білінді.
Жергілікті бюджетке 56360,5 млн. теңге өз кірістері түсті, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға ұлғайып немесе 14885,3 млн.теңге артты.