Жоба
«Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы №434 шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының
14-1-бабының 2-тармағына, 68 бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы
№ 417 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы №434 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық
мәслихатының төрағасы Н. Байқадамов
Қызылорда облыстық мәслихатының
2023 жылғы «__»_________ № ____ шешіміне
қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының
2020 жылғы 29 мамырдағы № 434 шешімімен
бекітілген
Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі.
1. Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін бастапқы жарнасының 50%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.
2. Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттарына:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекiтілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 тіркелген) (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- Қандастар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
- Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).