Қызылорда облысы бойынша 2023 жылы басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
№ 20209 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша

    2023 жылы басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары бекітілсін.

  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

         Қызылорда облысының

                          әкімі                                                                                Н. Нәлібаев

Қызылорда облысы бойынша 2023 жылы басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы
Дата публикации
02 августа 2023