«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 153 «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсынылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.А. Сақтағановқа жүктелсін.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қызылорда облысының
әкімі Н. Нәлібаев