«Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»

«Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:  

  1. Қызылорда облыстық мәслихатының «Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

    6851 тіркелген, облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде 2019 жылғы 25 шілдеде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда облысында ортақ су пайдалану Қағидаларында:  

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Қызылорда облыстық мәслихаты өңірдің жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерінде облыс аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.»;

келесі мазмұндағы 11-1, 11-2 тармақтармен толықтырылсын:

«11-1. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Қызылорда облысы аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға тйым салынған жерлер осы шешімнің қосымшасында айқындалған.»;

«11-2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) талаптарына сәйкес су айдындарының қауіпті және демалу мен шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде жергілікті атқарушы органдар су айдындарында тыйым салатын және ескертетін қауіпсіздік белгілерін орнатады.»;

Қызылорда облысы аумағында орналасқан су айдындарының қауіпті және демалу мен шомылу үшін белгіленбеген және жабдықталмаған учаскелерінде шомылуға тыйым салынады.». 

Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Лауазымы                                                                Аты-жөні

«Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»
Дата публикации
28 июля 2023