«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына, «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №29329 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қызылорда облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттарына тамақтандыруға кететін шығындар толық өтелсін:
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін;
- даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін;
- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
- ата-анасы І және ІІ топтағы мүгедек отбасылардан шыққан балалар үшін;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан мүшелері бар отбасылардан шыққан балалар үшін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда облысының
әкімі Н. Нәлібаев