Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабы 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 587-бабы 1-тармағына,
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы
13 қыркүйектегі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» № 383 бұйрығына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты
ШЕШТІ:
Қоса беріліп отырған Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |