«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 385 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар әлеуметтік осал отбасылардан шыққан тәрбиеленушілердің тамақтануы үшін шығыстар толық өтелсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда облысының
әкімі Н. Нәлібаев