«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5193 болып тіркелген);
2) ««Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі
№ 133 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5919 болып тіркелген).
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |