Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қантардағы
№7 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
- «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязовқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының
әкімі Н. Нәлібаев