«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 69-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес экспликация бойынша «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату станциясына (АГТС-3) дейінгі магистральды газ құбырының желілік бөлігін орналастыру үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 2028 жылдың 6 маусымына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы және Сырдария ауданының әкімдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
- Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының
әкімі Н. Нәлібаев