«Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65 бабының 4-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда облысында ортақ су пайдалану Қағидаларының:
11-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қызылорда облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірдің жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында Қызылорда облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді осы қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындайды.»;
Қағидалар осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Лауазымы Аты-жөні