«Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  13-бабының 1-1-тармағының 6-8) тармақшасына  сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №307 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5368 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 31-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жол жамылғылары бойынша:    

жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу;
жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;

асфальттібетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;

жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, кейіннен оның үстіне асфальттібетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да деформациялары мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;

жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы тәжірибелік учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:

тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;

қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде  асфальт-бетон қабатын салу;

шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ топырақты жолдарды материалдар қолдану арқылы қалпына келтіру;

қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;

вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисықтарда көрінуді қамтамасыз ету;

жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;

цементбетон жабынның құрылғысы немесе асфальтбетонды жабынның ұзындығы 500 метрден аспайтын негізгі құрылғысы бар цементбетонды жабынға ауыстыру;

жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 15 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабында асфальт-бетон жабынға ауыстыру.».

  1. «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Б. Сансызбайұлына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

                әкімі                                                                        Н. Нәлібаев

Дата публикации
19 апреля 2023