Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 532 795 799,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 40 954 564,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 284 396,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 000,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 485 546 838,6 мың теңге;
2) шығындар – 530 881 772,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 365 327,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 15 448 392,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 083 065,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2 587 318,4 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 2 587 318,4 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 038 618,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
5 038 618,8 мың теңге;
5-тармақ келесідей мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) қоршаған ортаны қорғау нысандарын дамыту.»;
келесідей мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылысын:
«5-1. Аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне республикалық бюджет қаражаты есебінен 2023 жылға арналған нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінуі Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы негізінде төмендегілер үшін айқындалады:
1) мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту;
2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алу.»;
келесідей мазмұндағы 8-1, 8-2-тармақтармен толықтырылысын:
«8-1. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін 2023 жылға бағалы қағаздар шығару арқылы облыстың жергілікті атқарушы органымен қарыз алуы мақұлдансын.
8-2. Аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттерінен заңнаманың өзгеруіне байланысты трансферттердің түсімдері 100 787 мың теңге сомасында көзделсін.»;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы |
|
|
|
|
|
|
|
Н. Байқадамов |
|