«Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 164 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 164 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7939 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«2. Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.».

көрсетілген қаулы қосымшасының 6, 7, 9, 10 және 15-тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

«6. Қатысушыларды бағалау үшін, құрамы «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе басшысының міндетін атқарушының бұйрығымен айқындалатын комиссия құрылады. Комиссия төрағасы «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылады. Тұрақты болып табылатын комиссия басқарманың қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, әдістемелік құрылымдардың, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің, мәслихаттардың депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.»;

«7. Комиссияның жұмысшы органы - «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.»;

«9. «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті ерекшелік белгілері, құрметті атақтары, біржолғы сыйақы беруге құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды Қызылорда облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды немесе (және) «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.»;

«10. Жергілікті ерекшелік белгілерін, құрметті атақтарын, біржолғы сыйақыны беру үшін «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жарияланған немесе (және) орналастырылған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қызылорда қаласы білім бөлімі немесе Қызылорда облысының барлық аудандарының білім бөлімдері немесе білім беру ұйымдары қатысушылардың мынадай құжаттары мен материалдарын ұсынады:

1) жергілікті ерекшелік белгісіне осы жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдері мөлшерінің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

         2) педагогке Қызылорда қаласының білім бөлімі немесе Қызылорда облысының барлық аудандарының білім бөлімдері немесе білім беру ұйымдары куәландырған ұсыныс;

         3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         4) ұсынылатын педагогтің жеке кәсіби жетістіктері туралы және білім алушыларының (тәрбиеленушілерінің, студенттерінің) жетістіктері туралы соңғы 5 (бес) жылдағы құжаттары мен материалдарының көшірмелері.»;

«15. «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі комиссияның шешімін Қызылорда облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды немесе (және) «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.».

  1. «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

                  әкімі                                                                   Н. Нәлібаев

Дата публикации
04 апреля 2023