2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы  24 мамырдағы № 180 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
  2. «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

       әкімі                                                            Н. Нәлібаев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Дата публикации
24 февраля 2023