Қызылорда облысы бойынша жерлеудің және қабірлерді күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-8 тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда облысы бойынша жерлеудің және қабірлерді күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.