Өңірді цифрландыру «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы) және «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі №227/НҚ бұйрығы).
Білім беру саласында:
Облыста барлық 294 мемлекеттік мектеп «Қазақтелеком», «Транстелеком» және «Сәтті» байланыс операторларының арналары арқылы интернетке қосылып жұмыс жасауда.
«BilimLand» цифрлы білім беру контентінің «Онлайн мектеп» платформасы бойынша 42 пәннен 5 700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырмалар қол жетімді . Сонымен қатар, қағазбастылықтан арылу және білім беру сапасын арттыру мақсатында «Күнделік» электронды журналымен біріктіріліп, бірге жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 294 мемлекеттік мектептің:
Денсаулық сақтау саласында:
Қазіргі таңда, аудандық деңгейге дейінгі және аудандық деңгейден төмен барлық медициналық ұйымдар компьютермен 100% және кемінде 4 мегабит/сек Интернетпен 93,2%-ға қамтылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Бүгінде, аймақ тұрғындарына 100% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша телемедициналық консультациялар саны 870 құрады. Оның ішінде республикалық орталықтармен консультациялар саны-18, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен – 242, көпбейінді облыстық ауруханамен – 610.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізу мақсатында медициналық құжаттар ұзақ және тұрақты сақтауды талап етеді, осыған байланысты «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 37 медициналық ұйымның барлығында PACS жүйесі енгізілген.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы негізгі міндет Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда e-Health электрондық денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық архитектурасына көшу жүзеге асырылуда, оның аясында азаматтар денсаулығының ұлттық электрондық паспортын қалыптастыруды, микросервистік архитектураны пайдалануға көшуді және эталондық деректер базасын құруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
2022 жылы e-Health ядросының негізгі компоненттері іске қосылды, ал жобаның толық іске қосылуы 2023 жылға жоспарланып отыр.
Қауіпсіздік саласында:
«Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі», «Электрондық қылмыстық іс (Е-УД)» жобалары 2018 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылды.
2020-2021 жж. Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 стационарлық «Арқан» жылдамдық өлшегіші орнатылып, қазіргі таңда барлығы қолданыста.
Бейне мониторингтің бірыңғай жүйесін құру шеңберінде бейнекамераларды орнату- Қызылорда қаласында, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық іс-әрекеттерді азайтуға арналған бейнебақылау жүйесін кеңейту мақсатында 500 қалалық камера, 10 жол қиылысына зияткерлік, 35 стационарлық жылдамдық өлшегіш құралдарын орнату жоспарланған.
Бүгінде, Қызылорда қаласы бойынша білім беру ұйымдарының 2807 камерасы, денсаулық сақтау ұйымдарының 1688 камерасы, көппәтерлі тұрғын үйлерінің 998 камерасы бар. Оның барлығы жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған.
Көлік саласында
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны «AlemPay» ЖШС жеке инвестиция арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда, жалпы 430 қалаішілік қоғамдық көліктің 199-да электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған. Бүгінде, жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell (кэшбэк – 25 теңге), Beeline (кэшбэк – 10 теңге) ұялы байланыс операторларының қосымшалары, сондай-ақ көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 80%-ы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 4 393 588 данасынан 3 534 221 көлік карталары, мобильді қосымшалар арқылы төленген).
Қалалық басқару саласында:
2020 жылы Қызылорда облысына ӨГАЖ жобасын енгізу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жүйе https://orda.geoportal.kz мекенжайында қолжетімді.
«I-ORDA» жобасы:
ӨГАЖ базасында i-Orda порталы құрылып, облыста табиғи монополиялар субъектілері арқылы көрсетілетін 74-ке жуық қызмет бойынша бизнес-процестер автоматтандырылды. Қазіргі таңда «i-Orda» ақпараттық жүйесінің порталын құру толығымен аяқталды. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 78-сервис қолжетімді:
Қосымшаны жүктеп алу келесі сілтемелер арқылы қолжетімді:
Google play : https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.curs.qyzylorda
APP store: https://apps.apple.com/kz/app/smartqyzylorda/id1469515789
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі».
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» Қызылорда қаласы бойынша 101, 102, 112 шұғыл қызметтерінің қоңырауларын қабылдайды және тіркейді. «Көмек-112» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде процестерді жүргізеді, жауапты жедел қызметтерге жібереді және олардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды.
Сондай-ақ, 2022 жылдың ІV тоқсанынан бастап, «112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі» 102 желісі бойынша аудандардан қоңырауларды, хабарламаларды қабылдай бастады.
2022 жылдың қорытындысымен «112-бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметіне» жалпы саны 152154 өтініш келіп түскен.
Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 1850 өтініш, құқық қорғау сипатындағы мәселелер бойынша (102) – 136434 өтініш, соның ішінде Қызылорда қаласы бойынша – 136186 өтініш, Сырдария ауданы бойынша - 116 өтініш, Жалағаш ауданы бойынша – 132 өтініш келіп түсті. Төтенше жағдайлар желісі бойынша (112) – 692 өтініш түсті.
«109 – Бірыңғай байланыс қызметі».
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі – «109 – ББО») жұмыс істейді.
2022 жылдың қорытындысымен барлығы 109 061 қоңырау келіп түскен. Оның ішінде:
* телефон арқылы (109 қысқа нөмірі арқылы) – 108 821 / 99,77%;
* әлеуметтік желілер арқылы – 240 / 0,22%.
Сонымен қатар, есепті жылы облыс тұрғындары өтініштер жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттайтын құралдардың ауқымы кеңейтілді:
1) 109 Call-орталығы;
2) Komek мобильді қосымшасы;
3) WhatsApp +7 (771) 700 01 09;
4) Telegram боты: @kyzylorda109_user_bot;
5) Instagram: kyzylorda109.
Өңірлік IT парк.
Қазіргі таңда IT-Park 8 резидентпен бірлесіп жұмыс атқаруда, яғни: «GRAND master» бағдарламалау мектебі» ЖШС-гі, «Qod Design», «ART Software», «Global-A» ЖШС-гі, «TT Games Studio», «DeSab Studio», «iQala», «Kyzylorda Business Hub» ЖШС-гі.
2022 жылдың ақпан айынан бастап «GRAND master» бағдарламалау мектебі» ЖШС-гі, «Qod Design», «ART Software», «ТТ Games» резиденттері 10-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына тегін бағдарламалау курстарын (3D-моделдеу, компьютерлік графика, web-дизайн, графикалық дизайн) өткізді. Барлық курстан өткен оқушылар саны – 280-ге жуық.
Сондай-ақ, 2022 жылы IT-Parkте Қызылорда қаласы бойынша жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарымен дуалды оқыту жүйесінде шамамен 200 студент қамтитын тәжірибелік сабақтар оқытылды.
Республика күніне орай Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен 2022 жылдың 23 қазан күні «Smart City Kyzylorda Hackathon» идеялар байқауы өтті. Төртінші рет өткізілген байқауға 270 қатысушы мен 100-ге жуық жоба тіркелді.
Ағымдағы жылдың 17-18 желтоқсан күндері аралығында Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі өтті. Байқауға 1700-ге жуық қатысушы тіркеліп, 200-ге жуық команда 3 бағыт бойынша өз жобаларын қорғады. «SmartСity», «Контент&Медиа», «Кино&Видео» бағытында өткен фестивальге өз саласында табысты жетістікке жеткен спикерлер шақырылып, олар жастармен шеберлік сағаттарын өткізіп, идеяларды бірлесе талқылады.
Онымен қоса, «Астана Хаб» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің ұйымдастыруымен IT-саласында адами капиталды дамытуға бағытталған «Tech Orda» бағдарламасына Қызылорда облысынан «GRAND master» бағдарламау мектебі (IT парк резиденті) қатысуда. Бүгінгі таңда 5 бағыт бойынша 60 адам (3D - Ойын әзірлеу, Python әзірлеуші, WEB әзірлеуші, C++ әзірлеуші, Java әзірлеуші) бағдарламалау курсын оқуда. Жоба 2023 жылдың мамыр айына дейін жалғасатын болады.