«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 121-бабының 1 және 4-тармақтарына және «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Айқындалсын:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату стансаларына дейінгі газ құбыры-бұрып, автоматтандырылған газ тарату стансаларының күзет аймағының шекаралары;
- осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату стансаларына дейінгі газ құбыры-бұрып, автоматтандырылған газ тарату стансаларының күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимі.
- Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мұқтаждар үшін күзет аймақтары белгіленетін аумақтардан ауыл шаруашылығы өндірісіндегі ысырап мөлшерінің актісі осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мұқтаждар үшін күзет аймақтары белгіленетін аумақтардан ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тиісті ысырапты KZ24070105KSN0000000 есеп айырысу шотына (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнің Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментi, KKMFKZ2A, БСН: Қызылорда қаласы 090440021657, Арал ауданы 980740001154, Қазалы ауданы 941240000699, Сырдария ауданы 961040000665, Шиелі ауданы 961040000615, Жаңақорған ауданы 961040000635, код 201901 «ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын өтеу») осы қаулы қабылданған кезден бастап алты ай мерзімде өтеуін қамтамасыз етсін.
- «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының
әкімі Н. Нәлібаев