Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына және «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы
29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде 19123 нөмірімен тіркелген) сәйкес
Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік
    маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін
    іске асыру қағидалары бекітілсін.
  2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қызылорда облысының

                әкімі                                                                        Н. Нәлібаев

 

Дата публикации
19 декабря 2022