Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
- Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
- «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1-тармағы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.