Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 «Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы
    № 334 «Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық
    актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4539 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес
жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

   әкімі                                                                                Н. Нәлібаев

 «КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

 

Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 «Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
28 декабря 2022